Body: 





15.12.2022 г.

«Тұрмыстық зорлық-зомбылық»!

15.12.2022 жылы Астана қаласы полиция департаменті әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің аға инспекторы, полиция подполковнигі Г. Т. Шрахметова «Тұрмыстық зорлық-зомбылық» тақырыбында дәріс оқыды. Гүлмира Тілеуғалиқызы іс-шараны өткізудің басты мақсаты құқықтық білімді арттыру, отбасында салауатты климатты қамтамасыз ету, оның мүшелері тарапынан агрессия мен қатыгездіктің кез келген көріністерінің алдын алу болып табылатынын түсіндірді. Отбасы негізгі әлеуметтік институттардың бірі болып табылады, оның мүшелерінің әл-ауқаты мен әлеуметтік жағдайы қоғамдық игілікпен тікелей байланысты. Кездесу соңында студенттер мен спикерлер тақырып бойынша пікір алмасып, осындай жағдайлардың алдын алу жолдарын талқылады. Дәріс соңында колледж студенттері дәріске алғыс білдіріп, осындай іс-шаралар жастарды тәрбиелеуге ықпал ететінін атап өтті.