Body: 





15.12.2022 г.

«Отан тарихы әдебиетте» тақырыбында оқырман конференциясы!

2022 жылдың 14 желтоқсан күні, Жоғарғы Көлік және коммуникация колледж кітапханасында, кітапханашы М. Омарова ұйымдастыруымен, «Оқитын колледж» жобасы аясында «Отан тарихы әдебиетте» тақырыбында оқырман конференциясы өткізілді. Іс шара барысыныда жазушыларының қазақ тарихи тақырыбында жазылған шығармалары талқыланды. Атап айтар болсақ І Есенберлиннің «Көшпенділер» триологиясын 1М-222 тобының студенті Жорабаева Алтынай, талқылап әңгімелеп берді. Ш. Мұртазаның «Бесеудің хаты» әңгімесін 1М-222 тобының студенті Дулатова Ақерке баяндады. Ж. Аймаутовтың «Ақбілек» романын 1М-222 тобының студенті Баймырзаева Ұлжан баяндап, қазақ қыздарының теңсіздігі туралы жазылған біргенше шығармаларға тоқталып өтті. Халқымыздың XX ғасырдың басындағы этнографиялық энциклопедиясы іспетті аса құнды, қазақ руханиятының қазынасы. Салт-сана, дәстүр, ұлттық келбеті өте шынайы суреттелген. Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабын 1РЭТ-222 тобының студенті кітаптың авторының өмір баяны мен шығарманың қысқаша мазмұнын әсерлі етіп баяндап шықты. Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің еңбектері жайында 1РЭТ-222 тобының студенті презентация көрсетіп жақсылап әңгімелеп берді. Осы шараны өткізуге студенттерді дайындаған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары А Орынбаева және Г.Базылбаева болды. Сонымен қоса Ә. Нұршайықовтың қаһармандық рухтағы шығармаларының бірі, Роман – диолог болып жазылған шығармасында Ұлы Отан соғысының даңқты каһарманы, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының азаматтық, ерлік тұлғасын мүсінделген «Ақиқат пен аңыз» романы талқыланды. Шара соңында әйел теңсіздігі тақырыбында жазылған «Ұлпан», «Сұлушаш», «Мөлдір махаббат», «Қорғансыздың күні» кітаптарына шолу жасалынды. Қазақ әдебиетінде тарихи шығармалар жазған жазушылардың еңбектері туралы мағұлмат беретін презентация көрсетілді.