Body: 





15.12.2022 г.

КОЛЛЕДЖ ТАРИХЫМЕН МАҚТАНАМЫЗ!

«Жас маман мектебінің» жұмыс жоспарына орай, жаңадан қабылданған педагогтар үшін, колледж тарихын білу, зерттеу және тарату мақсатында мұражай сабағы өтті.
Колледж музейінің меңгерушісі Т.Н.Естемесов колледж тарихы жайлы жәдігерлерге сүйене отырып баяндады. Және де колледж туралы мақалалар мен тарихи деректер жарияланған баспа материалдарына оқытушылар назарын аударды.
Осы тақырыпта студенттермен баяндамалар, мақалалар дайындап БАҚ-на ұсыну қажеттігі, колледж кітапханасымен байланыста жұмыстар ұйымдастыру керектігі жайлы айтылды.

Әдіскер: Мылтыкбаева Ж.