Body: 





19.12.2022 г.

«Мейірімге толы жүрек»!

19 желтоқсан күні Жоғары көлік және коммуникация колледжінде 25 желтоқсан – Психологтар күніне орай «Мейірімге толы жүрек» атты психология апталығының ашылу салтанаты өтті. Іс-шараның мақсаты: адам санасының құрамдас бөлігі ретінде психологиялық ғылымның маңыздылығы туралы түсінік қалыптастыру, жеке тұлғаның дамуына ықпал ету; білім беру процесінің барлық қатысушылары арасындағы сенім деңгейін арттыру болып табылады. Шара барысында колледж студенттері апталықтың жоспарымен және байқау ережелерімен таныстырылып, студенттерді белсене атсалысуға шақырылды. Педагог-психологтар «Даналық қобдишасы» акциясы аясында әр студентке мотивациялық қанатты сөздер таратылды. Сондай-ақ апталық жоспары бойынша 1Д-122 тобында «Біз таңдаған жолдар» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.