Body: 





21.12.2022 г.

«Не? Қайда? Қашан?» Әдеби ойын.

2022 жылдың 21 желтоқсанында Жоғарғы Көлік және коммуникация колледжінің кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында, 1Л-222 тобының студенттерімен және орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Н.З.Ныгметжанова және Г.Ж.Бекованың атсалысуымен, кітапханашы Г.Б.Жунусованың ұйымдастыруымен «Не? Қайда? Қашан?» Әдеби ойыны өткізілді. Сұрақтар орыс тілі мен әдебиеті оқулығы бойынша құрастырылды 10сынып Салханова Ж.Х., Қиынова Ж.Қ. өтілген материалды бекіту ретінде тақырыптар бойынша сұрақтар қойылды. Әрбір берілген дұрыс жауапқа 10 баллдан берілді. Топ оқушылары екі командаға бөлінді, 1 команда «Алаш» топ басшысы Акназар Мұратбек және 2 команда «Қырандар» топ басшысы Жұмағалиев Еламан. Шара барысында, Ч.Т.Айтматова, М.А.Булгакова, А.П.Чехова, М.Ю.Лермонтовтардың шығармалары туралы 10 сұрақ қойылып соның 8 сұрағына командалар дұрыс жауап берді.
Екі команда қатысушылары да белсене ат салысты. Әр команда 40 баллдан иеленді. Ойын барысында қатысушылар өз білімдерін көрсетіп кітапханада өткізілетін көпшілік шаралардан алған білімдерін нақтылай түсті. Өткізілген іс –шара оның қатысушыларына жағымды эмоциялар сыйлады, бұл интеллектуалды ойындар шынымен көңілді және қызықты болуы мүмкін екенін дәлелдеді.
Құрметті оқырмандар, егер сіз көңілді және уақытыңызды мәдениетті өткізгіңіз келсе, бізге кітапханаға келіңіз!
Жунусова Г.Б.