Body: 





20.12.2022 г.

Студенттерінің технологиялық өндірістік тәжірибе есебін тапсыру бойынша конференция өткізілді!

2022 жылдың 20 желтоқсан күні колледждің мәжіліс залында 0902000-Электрмен қамтамасыз ету (алалары бойынша)/090204 4 –Электрмен қамтамасыз ету қолданбалы бакалавры студенттерінің технологиялық өндірістік тәжірибе есебін тапсыру бойынша конференция өткізілді. Конференцияға 2-3 курс студенттері қатысты. Алғы сөз директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары О.Х. Жунуспековке берілді. Аталған мамандық бойынша мемлекеттік тілде 3ЭН-220Б топ студенттері Хавмолда Г., Усербаев Ф. және орыс тілінде 3ЭН-120Б тобының студенттері Гуня Д., Сыздыков Т. өндірістік тәжірибе есебін қорғады. Студенттер өндірістік тәжірибеде алған практикалық дағдыларымен бөлісіп, атқарылған жұмыстары туралы ақпарат берді. Конференция нәтижесін қорытындылау мақсатында сөз "Электр энергетиктер қауымдастығы" Заңды тұрғалар бірлестігі төрағасының көмекшісі Рахимгалиев Мадияр Нуртаевичке берілді. Мадияр Нуртаевич студенттердің колледж қабырғасында алған теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, өндірісте ұтымды қолдана білгендері туралы атап өтті. Колледж әкімшілігі мен арнайы пәндер оқытушылары болашақ мамандарға сапалы білім беру процессін үздіксіз беріп жатқанын атап өтіп, студенттерге жоғары сұранысқа ие маман болуларын тіледі.