23.12.2022 г.
Конкурс «Менің үйдегі кітабым»!
«Менің үйдегі кітабым» сайыс
2022 жылдың 23 желтоқсанында Жоғарғы Көлік және коммуникация колледжінің кітапханасында, «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында, «Менің үйдегі кітабым» тақырыбында сайыс өткізілді. Сайысқа қатысқан студенттер өздерінің оқыған кітаптары туралы түсірген видеоларын көрсетіп, соның ішінде өздеріне ерекше ұнаған шығармалар туралы қысқаша мазмұндап берді. Атап айтар болсақ, 3 ТЭТР-220 тобының студенті Каленов Айдын өзінің оқыған кітабы М.Әуезовтың «Абай жолы» романынын, 1ЭТС -222 тобының студенті Сейтқали Ернұр Т. Әбдіковтің «Оң қол» әңгімесімен, 1ОПУД– 222 тобының студенті Мұхамедияров Әли. Б. Малиннің «Шұғаның белгісі» романын, 1М – 222 тобының студенттері Дулатова Ақерке Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» шығармасын, Жорабайова Алтынай. І Есенберлиннің «Көшпенділер» триологиясын. Шара соңында саиысқа қатысушыларды, оқырман мәдениетін қалыптастырғаны және байқауға белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.
Кітаптар рухани өсуге, әлемді сүюге және құрметтеуге, сөздік қорын толықтыруға көмектеседі. Мен түрлі оқулар мен байқауларға қатыса бастадым, бұл маған мамандық таңдауға көмектесті, - дейді сайысқа қатысушы Жорабайова Алтынай. Мен кітап оқығанды ұнатамын, өйткені кітап оқу ой-өрісінді кеңейтеді, есте сақтау қабілетімді байытады, ойлауға көмектеседі. Үйде кітап оқу - отбасылық дәстүр дейді Сейтқали Ернұр.
Омарова. М.