Body: 





23.12.2022 г.

«Адамдар оқуды тастаған кезде ойлаудан қалады» кітапханалық квилт!

2022 жылдың 23 желтоқсанында Жоғарғы Көлік және коммуникация колледжінің кітапханасында, «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында, «Адамдар оқуды тастаған кезде ойлаудан қалады» кітапханалық квилт өткізілді. Іс – шараға 1ЭТХ -122 тобының студенттері мен Тарих пәнінің оқытушысы А. Ахметова қатысты. Шара барысында Г.Жүнісова студенттерді орыс жазушысы, драматург, әлем әдебиетінің классигі А.П.Чеховтың шығармашылығымен таныстырды. А.П.Чеховтың «Жуан мен жіңішке», «Ионич» әңгімелері бойынша жазылған аудиокітаптар да тыңдалды. Аудиокітаптытарды тыңдап болған соң А.П.Чеховтың әңгімесіндегі басты кейіпкерлер талданды. Студенттер Ионичтің адамгершілік бейнесін, әр адамның өз өмірі үшін жауапкершілік дәрежесін талқылады, кейіперлерді талқылауда Ахметбеков Санжар мен Әлібеков Марлен және Елкин Максим белсене атсалысты. Мұндай іс – шараларды өткізудегі мақсаты оқушылардың бойында мейңрңмдңлңк пен жанашырлық сияқты адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, белсенді өмірлік ұстанымын дамыту, оқырмандарды кітапханаға тарту.

Жунусова Г.Б.