Body: 





27.12.2022 г.

«Protelecom» тағылымдама бағдарламасы бойынша ынтымақтастық!

2022 жылғы 27 желтоқсанда колледжде «Protelecom» тағылымдама бағдарламасы бойынша ынтымақтастық шеңберінде "Қазақтелеком"АҚ өкілдерінің кездесуі өтті.
Кездесуге «Қазақтелеком» АҚ филиалынан: Герасько Александр Валерьевич - "Сеть" дивизионы бірлестігінің Орталық өңірлік қолжетімділік желісінің өңірлік басқармасы, Астана қолжетімділік желісін пайдалану департаментінің директоры, Картжанова Эльмира Адилгереевна - Еmployee Experiеnсe Business partner Астана, "Сеть" дивизионы бірлестігі, сондай-ақ колледж директоры Капезов Берлик Ерденұлы және директордың өндірістік жұмыстар жөніндегі орынбасары Жунуспеков Омиргуль Хамзинович қатысты.
Колледж бен «Қазақтелеком» АҚ бөлімшелерінің жемісті ынтымақтастығының қорытындысы бойынша колледжге естелік белгі және алғыс хат табыс етілді.
Естелік белгі мен алғыс хат табысталғаннан соң, бейресми жағдайда А. В. Герасько мен Б. Е. Капезов жоғары білікті кадрларды даярлау ісіндегі оқу орны мен өндірістің өзара іс-қимылының қорытындыларын талқылап, одан әрі ынтымақтастық бағыттарын белгіледі