Body: 





30.12.2022 г.

Колледж қызметкерлерінің балаларына арналған жаңа жылдық ертеңгілік өтті!

2022 жылдың 30 желтоқсанында колледж қызметкерлерінің балаларына арналған жаңа жылдық ертеңгілік өтті. Жаңа жылдық шыршада балалар ғажайып ертегілер мен ойын-сауық әлемін тамашалады. Балалар Аяз ата мен Ақшақармен бірге қызықты ойындар, түрлі сайыстар ойнап, өздерінің сүйікті жаңа жылдық әндерін шырқады. Ертегі кейіпкерлері балалармен бірге көңілді би биледі.