05.12.2022 г.
Жас педагогтерге арналған қалалық семинар-практикум!
Қалалық ӘО жылдық жоспарына сәйкес Колледж базасында жас мамандарға арналған «Студенттердің өзіндік және зерттеу жұмыстарын тиімді ұйымдастыру» атты қалалық семинар-практикум болып өтті. Семинарға қала колледждерінен 65 жас маман қатысты. Семинардың ашылуында Әдістемелік орталықтың Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің әдіскері Сейдахметова Бахыт Курмангалиевна семинарға қатысушыларға практикум мақсатымен таныстырып, бағдарламаға сай жоспарланған практикум-сабақтар туралы ақпарат беріп, сәттілік тіледі. Семинар барысында бағдарлама бойынша «Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша студенттердің таным қабілеттерін ескеріп, тапсырмаларды түрлендіру» тақырыбында директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Г.Чалгинбаева, «Критериалды бағалау жүйесі: оқыту нәтижелерін бақылау және бағалау әдістері» тақырыбында колледж әдіскері Ж.Мылтықбаева, «07130200 Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша) мамандығының студенттерін оқытуда қосалқы станция қондырғылары тренажерін пайдалану» тақырыбында Ж.Шаяхметова, «STEM білім беру арқылы студенттердің жобалық іс-әрекеті» тақырыбында практикум сабақты С.Муравьева өткізді.
Қатысушы жас мамандар тапсырма орындау барысында белсенділік танытып, тапсырманы аса қызығушылықпен орындады. Тәжірибелі педагогтер жас мамандарға қажетті үлестірмелі материалдар мен ұстаздарға қажетті анықтамалықтар ұсынды.
Практикум-сабақтардан кейін жас мамандарға колледж базасындағы «HCTC energy» құзіреттілік орталығына экскурсия жасалды.
Семинар қатысушылардың қызығушылығын қанағаттандыратындай интербелсенді режімде өтті.
Директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары Г.Чалгинбаева