Body: 





12.01.2023 г.

Өндірістік оқыту шебері бос жұмыс орыны - 1 ставка!

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Көлік және коммуникациялар жоғары колледжі" ШЖҚ МКК
мекенжайы: Астана қ., Конституция к-сі, 10.
Телефон: 27-84-32,
zdcolledj@mail.ru
Өндірістік оқыту шебері бос жұмыс орыны - 1 ставка.

Оқыту тілі: қазақша,орысша
Лауазымдық міндеттері: слесарлы-механикалық, кешенді-слесарлық, электромонтаждық оқу-өндіріс тәжірибелерін өткізу;
өндірістік оқыту бойынша практикалық сабақтар мен оқу-өндірістік жұмыстарды жүргізеді;
сабақтарға арналған жабдықтар мен тиісті жабдықтарды дайындайды, материалдық базаны жетілдіреді;
еңбек қауіпсіздігінің сақталуын, білім алушылардың еңбектің озық әдістерін, қазіргі заманғы техника мен өндіріс технологиясын меңгеруін, жабдықтарға қызмет көрсету мен пайдалануды, материалдық және энергетикалық ресурстарды ұқыпты жұмсауды қамтамасыз етеді;
білім алушыларды біліктілік жұмыстарын орындауға және біліктілік емтихандарын тапсыруға дайындайды;
топта өндірістік оқытуды жоспарлау, есепке алу және есептілік, кәсіптік практика, тәрбие жұмысын жоспарлау және есепке алу бойынша құжаттаманы жүргізеді;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен міндетті құжаттар тізбесін жүргізеді;
оқу шеберханаларын жабдықтармен және аспаптармен, материалдармен, қосалқы бөлшектермен және оқыту құралдарымен уақтылы қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды;
технологиялық құжаттаманы, сызбаларды, эскиздерді, эталондарды дайындайды;
оқу үрдісінде ғылыми-әдістемелік ұсыныстарды, озық педагогикалық және өндірістік тәжірибені қолданады;
білім алушылардың еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария талаптарын сақтауын бақылайды;
қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтар жүргізеді. Әдістемелік комиссиялардың, бірлестіктердің жұмысына қатысады.