17.01.2023 г.
Нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді!
17.01.2023 жылы колледж студенттері үшін жасөспірімдерде СӨС дағдыларын қалыптастыру, студенттер арасында құқық бұзушылықтарға, зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жасау мақсатында Нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді. Қазақстан Республикасында "Спайс", "Тұз" және сол сияқты синтетикалық есірткілерді қолдану тыйым салынған. Дәріскер - құқық қорғау органдарының қызметкері-аға жедел уәкілі Қибатқызы Ә. Кездесу барысында студенттер темекі шегу мен есірткінің зияны туралы фильм қарап, ашық талқыға салды.