19.01.2023 г.
"Студенттер арасындағы әлеуметтік және тұлғалық қатынастар мәселелері. Оқу орындарындағы психологиялық қауіпсіз білім беру ортасы” атты конференция!
2023 жылғы 19 қаңтарда директордың ТІЖ жөніндегі орынбасары Б.Хатпина және педагог-психолог Ғ. Универқызы №3 қалалық емхана ұйымдастырумен өткен жәбірлеудің (буллингтің) алдын алу жөніндегі жұмыс жоспарын іске асыру шеңберінде "Студенттер арасындағы әлеуметтік және тұлғалық қатынастар мәселелері. Оқу орындарындағы психологиялық қауіпсіз білім беру ортасы” атты конференциясына қатысты. Конференция барысында интернетке тәуелділік, кибербуллинг және құмар ойындар, психология мәселелері қозғалды. Іс-шара қонақтары қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының, Білім басқармасының, Жастар саясаты мәселелері басқармасының, полиция департаментінің, "Құқық" қоғамдық қорының, "Ана үйі - Аналар Үйі" қоғамдық қорының, "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығының, АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының, психикалық денсаулық орталығының, "Әдістемелік орталық" психологиялық сүйемелдеу орталығының өкілдері, интернетке тәуелділіктің, кибербуллингтің және құмар ойындардың алдын алу жөніндегі"Restart " республикалық жобасының үйлестірушілері болды.