30.01.2023 г.
КОЛЛЕДЖ МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАЦИЯДАН СӘТТІ ӨТТІ!
Қазақстан Республиканың Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5-желтоқсандағы № 486 «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» бұйрығын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен 10-қарашада № 393-нқ бекітілген, 2023 жылға арналған мемлекеттік аттестаттауға жататын білім беру ұйымдар тізімі негізінде, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» ШЖҚ МКК 2023 жылғы 23-27 қаңтар аралығында мемлекеттік аттестаттау жүргізілді.
Комиссия негізгі бағыттар бойынша өзіндікбағалау материалдарына және бағалау өлшемшарттарына сай білім беру ұйымын бағалау барысында зерттеу объектілеріне талдау жасады. Сонымен қатар білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес білім беру қызметтерінің сапасына саралау жұмыстарын жүргізді. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының 2023 жылғы 27 қаңтардағы хаттамалық шешіміне сәйкес Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны білім беру қызметінің сәйкестігіне мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарымен 13 мамандық бойынша АТТЕСТАТТАЛДЫ және білім беру қызметтерін көрсету сапасының «ҮЛГІЛІ» деңгейіне сәйкес келеді (65 балл). Әріптестер мен колледж студенттерін мемлекеттік аттестациядан сәтті өтуімізбен құттықтаймыз! Алар асуларымыз көп болсын!!!
Директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары Г.Чалгинбаева