Body: 





03.02.2023 г.

"Біз буллингке қарсымыз" !

03.02.2023 жылы 2,3,4, курс студенттері үшін жәбірлеудің (бопсалаудың) алдын алу жөніндегі жұмыс жоспарын іске асыру шеңберінде "Біз буллингке қарсымыз" тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді.
Колледж директоры Капезов Бірлік Еркінұлы іс-шараның мақсатымен таныстырып, кездесудің мақсаты құқықтық білімдерін арттыру, отбасында, студенттік ортада салауатты ахуалды қамтамасыз ету, кез келген агрессия мен қатыгездік көріністеріне жол бермеу екенін түсіндірді. Бірлік Еркенұлы студенттердің бос уақытын өткізу үшін №2 Студенттер үйіне жаңа музыкалық аппаратура табыстап, колледжде оларға жағдай жасауға күш салып жатқанын атап өтті. Халықаралық кәсіпқой медиатор, IMC дәріскер Танабаева Жанна Қабдешқызы қорқыту – команда мүшелерінің біреуін немесе оның бір бөлігінің қалған мүшелерінің агрессивті түрде қудалауы, жәбірленуші, қорқытушы және қосалқы бүллерлер енжар және белсенді сыбайластар екенін түсіндірді. Осы үдерісте және мұндай көріністерге қарсы бірлесіп күресуге шақырды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері Нұрғалиева Гүлден Есімқызы, Айтжанов Нұржан Ташкенбайұлы өз баяндамаларында алдын алудың заңдарға, жаңа ережелерге негізделетінін атап өтіп, заңнамалық аспектілерге тоқталды.