Body: 





09.02.2023 г.

«Менің әлемім»!

2023 жылдың 9 ақпан күні №2 студенттер үйінде педагог-психолог Эльмира Сериковна Бегалиева «Менің әлемім» тақырыбында тренинг жұмыстарын жүргізді. Тренингтің мақсаты: студенттердің өзара қарым – қатынасын жақсарту, бір – бірін жақын танып білу, жағымды қарым-қатынасқа түсу мәдениетін және жақсы қасиеттерін дамыту, адами құндылықтарын бағалай білуге психологиялық жағынан қолдау көрсету. Тренинг барысында студенттер «Менің көңіл-күйім», «Кім жылдам?», «Интервью» жаттығуларын орындады. Сонымен қатар, өздері туралы мәліметпен бөлісіп, позитивті көңіл-күйде жаттығу жұмыстарына белсене қатысты.