Body: 





09.02.2023 г.

«Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу»!

09.02.2023 жылы ювеналдық полиция инспекторы Нургалиева Г.Е. №2 Студенттер үйінде «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында дәріс оқыды.
Гүлден Есімқызы құқық бұзушылықтың түрлерін, кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды және құқық бұзушылықтың салдарын түсіндіріп, құқық бұзушылық пен қылмыс үшін жауапкершілік түрлеріне, сонымен қатар ата-ананың жауапкершілігіне назар аударды. Дәріс соңында ол әрбір азаматта құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидаты болуы керектігін атап өтті. Әр адам басқа азаматтың құқық бұзушылық жасауына жол бермеуі керек, ең бастысы оны өзі жасамауы керек.