Body: 





15.02.2023 г.

"Жастар арасындағы нашақорлық пен құқық бұзушылыққа қарсы іс-қимыл"!

2023 жылғы 15 ақпанда "Сарыарқа" ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері, Астана қаласы полиция департаментінің өкілдері, Астана қаласы Дін проблемаларын зерттеу орталығымен бірлесіп "Жастар арасындағы нашақорлық пен құқық бұзушылыққа қарсы іс-қимыл", "Деструктивті діни ағымдардың алдын алу" тақырыптарында студенттермен профилактикалық әңгіме өткізілді. Қазіргі қоғамда қылмыстың ұлғаюы, экстремистік күйдің өсуі, дәстүрлі құндылықтардың жойылуы сияқты асоциалды құбылыстармен күресу мәселесі ерекше өршіп тұр. Дәріскерлер өз тарапынан ұсыныстар беріп, студенттердің сұрақтарына жауап берді.