Body: 





21.02.2023 г.

«КОЛЛЕДЖ ТАРИХЫ» квест-ойыны!

Колледжде 2023 жылдың 21-ақпанында, оқу орнының тарихын зерделеуге арналған, «Жас маман мектебінің» іс-шаралар жоспарына орай жас мамандармен «КОЛЛЕДЖ ТАРИХЫ» тақырыбында танымдық квест-ойыны өткізілді.
Квест-ойының тапсырмалары осы ойынның ережелерін ескере отырып құрылды және қойылатын сұрақтар мен тапсырмалар жас мамандардың колледж тарихы туралы білімдерін тиянақтауға бағытталды. Тапсырма сұрақтарында колледждің ашылған жылы, алғашқы түлектерінің шәкіртақысы, түлектердің жетістіктері, ұжымда қызмет еткен оқытушылар туралы ақпарат қамтылды. Ойынға қатысушы топтардың мүшелеріне ерекшелік белгілері тағылды. Ойын тапсырмалары қызықты құрылды: дәндерді санау арқылы колледж тарихы туралы кітаптің орналасқан орны, керекті бет нөмері анықталды, жасырылған санды іздеп табу арқылы аудитория нөмері анықталып, QR кодты оқу арқылы колледждегі мамандықтар туралы бейнебаянды қаралды. Тарихи даталарды байланыстырып, арифметикалық амалдар ретін орындап, пазлдар құрастырылды. Ойын ұзақтығы 40 минутқа есептеліп құрылды. Квесттің тапсырмаларын дұрыс орындағанда, қатысушы командалар колледж музейіне келуі керек еді. Осы межеге екі команда да сәтті жетті. Музейде бөлім меңгерушісі А.Т.Далабаева және өндірістік оқыту шебері К.К.Кожахметовпен оқу орнының тарихына бойлаған сұхбат өтті. Жас оқытушылар колледждің тарихына қызыға үңіліп, сол кездегі студенттердің өмірі мен тұрмысы туралы әңгімелер тыңдады. Сонымен бірге жас мамандар бітіруші студенттер құрастырған жұмыстармен - теміржол көлігі модельдерімен және макеттерімен танысты.
Ойын соңында қатысушыларға арнайы сыйлықтар тапсырылды.
Әдіскер: Мылтыкбаева Ж.Т.