06.04.2023 г.
«БІЛІКТІЛІК АРТТЫРУ КУРСТАРЫ ОҚЫТУШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІН АРТТЫРУ ҚҰРАЛЫ»!
Колледжде 2023 жылдың 5-сәуірінде, оқу жылы барысында біліктілік арттыру курсынан өткен оқытушылардың қатысуымен, «Біліктілік арттыру курстары оқытушылардың кәсіби шеберлігін арттыру құралы» тақырыбында педагогикалық оқулары өтті. Қатысушыларға директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Г.С.Чалгинбаева алғы сөз сөйледі. Педагогикалық оқуларда оқу жылы барысында біліктілікті арттыру курстарынан өткен арнайы пәндер мен жалпы білім беретін пәндердің оқытушылары баяндама жасады:
№ Оқытушының аты-жөні Лауазымы
1 Кайдарова Гүлдана Кайратовна
Сырымбетова Гульжайна Сабырдиновна Арнайы пәндер оқытушысы
2 Галипанова Асель Сергеевна Арнайы пәндер оқытушысы
3 Бегалиева Эльмира Сериковна Педагог-психолог
4 Кубашева Айнагуль Сериккалиевна «Жаратылыстану және математикалық пәндер» кафедрасы оқытушысы
5 Ақпанова Айтолқын Серікқызы Арнайы пәндер оқытушысы
6 Кабенова Жанар Жагпаровна Арнайы пәндер оқытушысы
7 Галимов Эльдар Шапигуллаевич Арнайы пәндер оқытушысы
8 Алимова Светлана Асантаевна «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы оқытушысы
9 Усенов Нурлан Абдимуталипович «Жаратылыстану және математикалық пәндер» кафедрасы оқытушысы
Сондай-ақ, педагогикалық оқуларға колледж педагогтары, колледж әкімшілігі мүшелері қатысты.
Оқытушылар өз баяндамаларын презентациялармен, ақпараттық – әдістемелік сипаттағы материалдармен, бейнематериалдармен сүйемелдеді. Қорытындылай келе, қатысушылар педагогикалық оқулардың қызықты әрі кәсіби бағытталғанын және берілген ақпараттың пайдалы болғанын бірауыздан айтты. Қатысушы оқытушылар педагогикалық оқулардағы баяндамаларын педагогикалық оқулар жинағында жариялауға мүмкіндік алды.
Колледж директоры Б.Е.Капезов педагогикалық оқулар соңында сөз алып: педагогикалық оқуларды өткізудің орындылығын атап, инновациялық режимдегі жұмыс педагогтың дүниетанымын өзгертіп, оқытушы қызықты интернет-технологияларды меңгеретінін атап өтті.
Әдіскер: Мылтыкбаева Ж.Т.