Body: 





20.04.2023 г.

«Көлік және логистика» панельдік сессиясы!

2023 жылдың 20 сәуірінде «Кәсіптік білім және бизнес: серіктестер диалогы» қалалық форумы аясында «Көлік және логистика» панельдік сессиясы өтті.
Панельдік сессияға 100-ден астам адам қатысты, оның ішінде әлеуметтік серіктестер, «Атамекен» ҚР ҰКП, Астана қаласының Білім басқармасы, Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК өкілдері, ТжКББ ұйымдарының педагогикалық, атқарушы және басқа қызметкерлері, жұмыс берушілер.
Сессия модераторы колледж директоры Қапезов Бірлік Еркінұлы болды. Салтанатты жиында Астана қаласы Білім басқармасының ТжКБ бөлімінің басшысы Хон Акмарал Рахметуллаевна құттықтау сөз сөйледі. Акмарал Рахметуллаевна өз сөзінде жемісті еңбек тіледі.
Тақырыптық алаң академиялық дербестікті ескере отырып, ТжКБ мазмұнын жаңарту мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді.
Панельдік сессияда келесі баяндамалар: Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» ШЖҚ МҚК директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Қанапина Әсемгүл Қабдулмұталапқызы «Академиялық дербестік ескере отыра көлік және логистика саласындағы білім беру бағдарламасы», Әбдісалам Нұрмұхамбет Мұхтарұлы, Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту басқармасының басшысы «Дуальды оқыту: тәжірибе, проблемалар, перспективалар», Қабдығалиева Мейрамгүл Кенжеғалиқызы, «ҚазДорҒЗИ» АҚ зертхана меңгерушісі «Жоғары білікті мамандарды даярлаудағы әлеуметтік әріптестің рөлі», Матвеева Лариса Ивановна, Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» ШЖҚ МҚК арнайы пәндер оқытушысы «Теміржол мамандықтары бойынша республикалық деңгейде WorldSkills енгізу мүмкіндіктері», Асқарова Гүлсая Жетіспекқызы, «ASTANA POLYTECHNIC «Жоғары колледж» ШЖҚ МҚК бөлім меңгерушісі «Дуальды білім беру әлеуметтік серіктестік жүйесін жаңғырту факторы ретінде», Бейсембаев Бауыржан Жексембаевич, «ASTANA POLYTECHNIC «Жоғары колледж» ШЖҚ МҚК арнайы пәндер оқытушысы «Демонстрациялық емтихан - Worldskills кәсіби стандарттарын меңгеру сапасын тәуелсіз бағалауы ретінде» тақырыптары тыңдалды.
Талқылау барысында қазіргі жағдайдағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қызметінің міндеттері айтылды. Сондай-ақ мысал үлгісінде бірегей жұмыс оқу бағдарламалары ұсынылды, WorldSkills ұлттық чемпионатының құзыреттер аймағын кеңейту мәселесі зерттелді, демонстрациялық емтиханның кезектілігі туралы толық, жалпылама ақпарат берілді.
Сайып келгенде, барлық инновациялар колледждерге икемді болуға және еңбек нарығы мен қоғамдағы кез келген өзгерістерге тезірек жауап беруге мүмкіндік береді, бұл білім сапасын арттыруға септігін тигізеді.

Директордың ОӘЖ бойынша орынбасары Г.Чалгинбаева