23.05.2023 г.
Колледж қыздарына зорлық-зомбылықтың алдын алу және құрмет пен мейірімділікке тәрбиелеу мақсатында "Жыныстық қол сұғылмаушылық" тақырыбында дәріс өткізілді
23.05.2023 жылы колледж қыздарына зорлық-зомбылықтың алдын алу және құрмет пен мейірімділікке тәрбиелеу мақсатында "№3 қалалық емхананың" профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесімен бірлесіп "Жыныстық қол сұғылмаушылық" тақырыбында дәріс өткізілді. Студенттер дәріс-әңгімеге белсенді қатысып, барлық сұрақтарға толық жауап алды.
Жеке тұлғаның жыныстық қол сұғылмаушылығы конституциялық-құқықтық мәртебесінің құрамдас бөлігі ретінде Қазақстан Республикасының Конституциясымен белгіленіп, қорғалады және кепілдендіріледі. Жыныстық қол сұғылмаушылық кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығын, олардың қалыпты жыныстық дамуын, қалыпты физикалық және моральдық-адамгершілік дамуын білдіреді.