29.05.2023 г.
Колледж студенттеріне "Мен өзіммен мақтанамын" тақырыбында дәріс өткізілді.
29.05.2023 жылы колледж студенттеріне психикалық денсаулықты сақтау және нығайту, психологиялық тұрақтылықты қалыптастыру мақсатында №3 қалалық емхананың алдын-алу және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің психологы А. Рахимжановамен бірлесіп "Мен өзіммен мақтанамын" тақырыбында дәріс өткізілді. Студенттер дәріс-әңгімеге белсенді қатысып, барлық сұрақтарға толық жауап алды. Психолог тренингке қатысушыларға өзін-өзі реттеу әдістерін меңгеруге көмектесіп, қиын жағдайларда психикалық тұрақтылықты арттыратын біліммен қаруландырды.