22.06.2023 г.
"ТАСЫМАЛДАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ТЕМІР ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ" КАФЕДРА СТУДЕНТТЕРІНІҢ ЖҰМЫСШЫ БІЛІКТІЛІГІН АЛУ ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКА ҚОРЫТЫНДЫСЫ ШЫҒАРЫЛДЫ
2023 жылдың 21 маусымында 1203000 «Теміржол көлігіндегі қозғалысты басқару және тасымалды ұйымдастыру» және 04130200 «Логистика (салалары бойынша)» мамандықтарынан жұмысшы біліктілігін алу өндірістік тәжірибе қорытындысы бойынша конференция өтті. Конференцияға колледж директорының орынбасары Жунуспеков Омиргуль Хамзинович және әлеуметтік серіктестер: Худжабергенов Қанат Исанбекұлы – «Астық Логистик» ЖШС коммерциялық бөлімінің басшысы, Саржанов Олжас Гиззатұлы – «Қырқыншы» станса парк кезекшісі, Аушахман Нариман – «Темірсервис Астана» ЖШС дөңес кезекшісі, сондай-ақ осы мамандықтардың арнайы пән оқытушылармен бірінші, екінші және үшінші курс студенттері қатысты.
Өзінің кіріспе сөзінде колледж директорының орынбасары Жунуспеков О.Х. студенттерді оқудың бірінші маңызды кезеңінің – практикадан өтіп, алғашқы жұмысшы біліктілігін алуларымен құттықтады, оларға біліктілік емтихандарын тапсыруда және одан әрі білім алуда сәттілік тіледі.
Студенттер өндірістік тәжірибеден өткен кәсіпорын өкілдері құттықтау сөз сөйледі. «Astyk Logistics» ЖШС коммерциялық бөлімінің басшысы Худжабергенов Қ.И. колледжіміздің студенттерінің жақсы теориялық және практикалық дайындығын, жұмысқа байыпты және жауапкершілікпен қарайтынын атап өтті.
Арнайы пәндер оқытушысы Дүйсенова Г.А. 2023 жылы тәжірибеден өту барысы туралы баяндады. «Теміржол көлігіндегі қозғалысты басқару және тасымалды ұйымдастыру» мамандығының 47 студенті «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Астана, Қырқыншы, Атбасар, Шығанақ, Ақкөл, станцияларында, № 39 өткізу пункті; «Темірсервис Астана» ЖШС және «Логистика (салалары бойынша)» мамандығы бойынша 23 студент «Астық Логистик», ЖШС «Melior Logistics», ЖШС «СТАЛЬ ТРЕЙД», ЖШС «Курочка Ряба», АҚ «KTZ Express», ЖШС «ЕАТ» ЖШС және басқа кәсіпорындарда өндірістік біліктілік алу үшін өндірістік тәжірибе өтті.
2Л-221 тобынан Амагелді Ақмарал, Абдрахманова Динара, Дәмебаева Аруна, 3Д-121 тобынан Жұмажан Рауан, Асқарқызы Айдана, Серікболатқызы Айман, 3Д-120 тобынан Танашпаев Алдияр, Серекбаева Гульнар баяндама оқыды. Олар түрлі кәсіпорындарда тәжірибеден өткен әсерлерімен бөлісті. Біз кіші курс студенттерінің назарын колледжде өткізілетін практикада жүргізетін құжаттамның өндірісте қолданылатын құжаттамаға ұқсастығына аудардық.
Конференцияның қорытындысын колледж директорының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары Жунуспеков О.Х. өндірістік практикадан өткен студенттердің жұмысын бағалаумен аяқтады.
Өндірістегі тәжірибе жетекшілерінен оң пікірлер мен ұсыныстар берілді. Өндірістік практикадан өту нәтижелері аталған мамандықтар бойынша студенттердің білім деңгейінің жоғары екендігін көрсетті.
Барлық студенттерге емтиханды одан әрі сәтті тапсыру және каникул кезінде жақсы демалыс тілейміз!
Арнайы пән оқытушысы Г.Дүйсенова