Body: 





15.09.2023 г.

"Қауіпсіздік сағаты"

2023 жылы 15 қыркүйекте топ жетекшілері "Қауіпсіздік сағаты" тәрбие сағатын өткізді. Студенттерге әр адамның өмірі баға жетпес байлық екенін тағы да еске салды. Адамның ең маңызды құқығы-өмір сүру құқығы және жеке қауіпсіздік құқығы. Ал өмірдің қауіпсіздігі өзіне және басқаларға жауапкершілікпен қарауға байланысты. Колледжде, үйде, көшеде қауіпсіздік ережелерін сақтау біздің өміріміздің маңызды бөлігі болуы керек.