Body: 





24.01.2023 г.

«Курстан кейінгі кезеңде оқыту практикасының өзгеруі»

2024 жылдың 23 қаңтарында Жоғары көлік және коммуникация колледжінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері үшін, «Әдістемелік орталық» жоспары бойынша, «Курстан кейінгі кезеңде оқыту практикасының өзгеруі» тақырыбындағы тақырыбында НТехК конференция өтті.
Конференция мақсаты: озық педагогикалық тәжірибені жалпылау арқылы білім беру сапасын арттыруға және жетістіктерге жету үшін педагогикалық қызметкерлерге жағдай жасау.
Педагогикалық сессия форматындағы конференция 2 кезеңнен тұрды. 1-кезеңге 50 астам жұмыс түсті. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Педагогикалық шеберлік орталығының, «Talap» КЕАҚ, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Республикалық ғылыми-практикалық Білім мазмұнын сараптау орталығы», «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ Астана қаласы бойынша филиалының қолдауымен өткен іс-шараға Ш.Е. Калиханова, Р.Б. Сабирова, А.Р. Саябаева, Л.Т. Байтуова, Д.Ш. Орынбасар сияқты сарапшылар төрелік жасады.
2-кезеңге 29 жұмыс өтіп, астаналық ТжКББ ұйымдары педагогтері өздерінің озық педагогикалық идеяларымен бөлісті. Қорытынды кезеңде үздік жұмыстар дипломдармен марапатталды.

https://youtube.com/shorts/YAI9aphJDj4?feature=share

#Біртұтас_тәрбие #акиматастаны #oquagartu
@Астана қаласының Білім басқармасы
@Астана қаласының Әдістемелік орталығы
@bilimastana
@rumcdo_official
@antikor_astana
@oqu_aqartu_ministirligi
@k.sengazyyev_official
@baikenyesset