29 желтоқсан 2015
2015 жылғы 28 желтоқсанда Астана қаласындағы Көлік және коммуникация колледжінде "Оқу үрдісінде белсенді әдістерді қолдану жолдары" тақырыбында педагогикалық оқулар өткізілді. Мақсаты- оқытушыларды оқу үрдісіндегі жаңа педагогикалық технологияларды таныстыру.
Педагогикалық оқуларды директордың оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Л.И. Матвеева және әдістемелік бөлімнің меңгерушісі С.М. Хайруллина дайындады.
Л.И. Матвеева " Педагогикалық технологиялар негізінде студенттердің білім алуын белсендіру және қарқындату" тақырыбында колледждің әдістемелік жұмыстарының мәселелерін айқындап берді.
Педагогикалық оқуларға 11 оқытушы қатысты. А.Б. Бекенова «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы», С.К. Қалдыбекова - «Ойын технологиясы», Ахатаева Б.О. - «Интерактивті технология» - «Дебаттар», Есенбекова А.Е. - «Деңгейлік саралау технологиясы", Ахметова А.К. - «Білім берудің интеграциялау технологиясы», Маликова Ж.Б. - «Проблемалық оқыту технологиясы», Бекмуратова Ж.С «Педагогикалық қарым-қатынас» тақырыбында баяндамалар оқылды.
Сондай-ақ, қазіргі заманғы технологиялар бойынша жобалап оқыту жүйесін, яғни Е. Н.Ильиннің әдебиетті оқытудағы адамды қалыптастыратын, оқытудың белсенді әдістері, дене тәрбиесінің технологиясы, денсаулықты сақтау және нығайту ретінде қарастырды.
Іс-шара іскерлік дәрежеде өтті. Қатысушылар педагогикалық технологияларды жоғары деңгейде меңгерген, үлкен тәжірибелік маңызды материалдардың ұсынылғанын атап өтті.
Баяндамада оқытушылар өздерінің педагогикалық тәжірибелері мен өзіндік шығармашылық жетістіктерінің мазмұнын ашып көрсете білді.
Барлық баяндамалар қызықты, есте қалатындай слайдтар арқылы көрсетілді.
Педагогикалық оқуларға және жұмыс тәжірибесімен бөліскен барлық педагогтарға алғысымызды білдіреміз.
Директордың оқу-әдістемелік жұмыстары
жөніндегі орынбасары Л.И.Матвеева