Body: 

2016 жылғы 5 ақпанда С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық-техникалық университетте "Тегін кәсіби-техникалық білім беру - сенімді болашақтың кепілі" тақырыбында жұмысшы жастар форумы өткізілді. Іс-шараның ұйымдастырушылары "Нұр Отан" - "Жас Отан" партиясының Жастар қанаты атынан сөз сөйледі.

Форумға 1108000 "Теміржол жылжымалы құрамдарын пайдалану және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша)" және 1106000 "Теміржолдың қозғалыс құрамын шығару (түрлері бойынша)" мамандықтарының студенттері қатысты.

Пленарлық мәжілісте Астана қаласының жастар саясатының мәселелері бойынша басқарманың өкілдері, "Білім басқармасы" ММ, "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК корпоративтік хатшысы Ш. Қожахметов, "Қазақстан темір жолы" "ҰК" АҚ жастар саясаты мәселелері бойынша бөлімнің бастығы Матаев Д., "Білім мен кәсіби машық-негізгі бағыт"-атты Қазақстан Республикасының кәсіподақтар федерациясының қызметкерлері Ә.Әбиева баяндама жасады.

"Тегін кәсіби-техникалық білім беру - барлығы үшін" бағдарламасын дамыту бойынша нұсқаулықтар әзірленді және оған Астана қаласының жастары қатысты.

Форум аясында кәсіби-техникалық бағыттарда көрме өткізілді, оған үш колледж қатысты: Көліктің және коммуникацияның колледжі, Менеджмент және бизнес колледж және Астана қаласы әкімдігінің техникалық колледжі.

Біздің колледжіміздің студенттері Банковский Никита және Бабич Михаил "Байланыссыз аккумуляторлы электровоз" атты келешектің локомотивінің макетін ұсынды, жетекші ретінде басшылық жасағандар- К.Т. Әбілдинов және Д.Б. Торгаев.

Электровоз күн сәулесінің батареяларымен жұмыс істейді, оның негізгі ұстанымы: таза экология - келешектің энергиясы. Макет Форум қатысушыларын конструкцияның өзгешеліктері, энергетикалық тиімділігімен қызықтырды.

Студенттердің жұмыстарын "Қазақстан темір жолы" "ҰК" АҚ жастар саясатының мәселелері бойынша өкілі Д. Матаев жоғары бағалады, студенттерге "Жоба-менеджмент" компанияларындағы "4i жүйесі" (Инновациялық идеяның ақпараттық жетілдіргіші) жастар бағдарламасына қатысуға ұсыныс жасады.

Іс-шараның ұйымдастырушылары макеттің перезентациясының сапасын жоғары бағалады, біздің студентіміздің жақсы дайындығын және қатысқандары үшін алғыс білдірді.

Директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары Л.И. Матвеева