Body: 

2016 жылы ақпанның 18 күні колледждің мәжіліс залында «Тәрбие жұмысындағы жаңа бағыттар» аясында Топ жетекшілер әдістеме бірлестігінің кезекті отырысы өтті.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.У.Мурзабаева қазіргі таңда тәрбие саласындағы интеллектуалдық, ақпараттық мәдениет, полимәдениеттік бағыттар бойынша тәрбие сағаттарын тиімді өткізу жайлы сөз қозғады. Инновациялық даму кезеңде сынып сағаттарында әр түрлі бағдарламаларды тиімді қолдану және үйлестіре білу үлкен ізденіс екенін атап өтті.

Колледж психологы Л.З.Баржукова «Психология саласындағы жаңа шешімдер» баяндамасында аутодеструктивті, девиантты мінез-құлық жайлы тағы да бір ой түзеді. Әлеуметтік педагог А.Е.Шинтемирова көпбалалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасында тәрбиеленіп жатқан студенттерге қатысты жиналатын құжаттардың 2016 жылға бекітілген тізімдемесін атап өтумен қатар, құжат жинауда ескеретін пунктерді тізіп шықты. Колледжішілік профилактикалық есепке алу кезінде жинақталатын құжаттар тізімімен таныстырып өтті. Бүгінде топ жетекші, педагог-психолог және әлеуметтік педагогтың тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуі – ертеңінде тәрбие жұмысының дұрыс бағытта келе жатқанының көрінісі делінді.

Отырыс соңында әдістеме бірлестік жетекшісі А.Е.Дюсекова топ жетекшілерге: «Тәрбие жұмысында қамтылған барлық бағыттарды бір-бірімен байланыстыра білу және одан нәтижелі көрсеткіш шығара білуіміз қажет» ,- деді.

А.Е.Дюсекова