Body: 

2016 жылғы 19 ақпанда "Тасымалдауды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару" кафедрасының шығармашылық апталығы аясында 4Д-112, 3Д-113, 2Д-114, 2Д-515 топтарының студенттері Қонаев көшесінде орналасқан "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ орталық кеңсесіндегі "ҚТЖ" ҰК" АҚ мұражайына барып қайтты.

Экскурсияның басында мұражай меңгерушісі Кучерюк Ирина Григорьевна студенттерді ҚТЖ басты ғимаратында орналасқан негізгі департаменттері, бөлімдері мен қызметтерін таныстырды.

Студенттер мұражайдағы әрбір жылдардаға теміржолдың түрлері мен түрлі жәдігерлері, Астанадағы жаңа вокзалдың мекеті,"Қазақстан теміржолы" макетімен танысты.

Әрбір кезеңдердегі жылжымалы құрамның түрлері мен теміржолдың тарихы, мерейтойлары мен марапаттарымен танысты. Өздерінің болашақ мамандықтары туралы қызықты мәліметтерді және техникалық құралдарын өз көздерімен көрді.

Экскурсиға колледждің Ардагерлер кеңесінің төрағасы, Құрметті теміржолшы Титенков Леонид Петрович қатысты.

Мұражайдан кейін студенттер айналасындағылардың барлығы көрінетін жеделсатымен 37 қабаттағы "Қысқы баққа" көтерілді. Ол жерге ҚТЖ қызметкерлері демалу үшін келеді. Гүлдер, пальмалар, су бұрқақтары, альпі төбешіктері - осының барлығы жұмыстан кейін шаршаған қызметкерлердің көңіл-күйін көтеруге арналған.

Қысқы бақтың әйнекті қабырғаларынан Астана қаласының сол жағалауы, құстардың ұшқаны және біздің елордамыздың әсем жерлерін көруге болады.

Студенттер болашаққа көз жүгіртіп, теміржолдың тарихынмен таныстырған осы мұражайға көңілдері толып, қуанышпен оралды.


Еңбек ардагері,
Құрметті теміржолшы Р.В. Плахотнюк