10 наурыз 2016
Көктемнің алғашқы күндерімен жарыса келетін, 365 тәуліктің ішіндегі ең әсем мейрамдардың бірі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесін Көлік және коммуникация колледжі асқан ілтипатпен қарсы алды. «Жастар» комитетінің белсенді студенттері оқу ордамыздың ару жанды оқытушылары мен қызметкерлеріне арнап мерекелік шара ұйымдастырды.
Әдеттегідей мәжіліс залына асыққан әйелдер қауымын ерекше сый – сияпат күтіп тұрды. Залға баратын жолды бойлай тұрған студенттер өз ұстаздарына мерекелік көңіл-күйдің нышаны саналатын гүл шоқтарын табыстады.
Алғашқы құттықтау сөзі және сахна шымылдығын ашу колледж директоры Зулфухар Сұлтанұлы Гаиповқа берілді.
Өз сөзінде ұжым басшысы ұлағатты ұстаздарды – әйелдер қауымын мерекелерімен құттықтап, зор денсаулық, жұмыста шығармашылық табыс тілей отыра, бір қолымен бесік, бір қолымен әлем тербететін аналарымызға алғыс айтты. Сонымен қатар директор өз кезегінде ерен еңбегімен көзге түскен колледж қызметкерлеріне алғыс хат табыстады. Санжар Қаратай шырқаған «Анаға сәлем» әні, Расул Хамзаевтың «Төрешің» әні, Құрбанбай Өскенбайдың француз тілінде орындаған «Santa Lushia» әні, Шахмардан Оразбектің орындауындағы «Эти глаза напротив» әндері көпшілік көңілінен шықты.