Body: 

Наурыз – жылдың бірінші күні, жыл басы, көктемнің алғашқы айы. Наурыз мерекесін қазақ халқы «Армысың, әз-наурыз!», «Әз болмай, мәз болмас» деп қарсы алған.

1926 жылдан бастап, тоталитарлық жүйенің ықпалымен наурыз мерекесін тойлауға тыйым салынды. Көп жылдар бойы ұмытылып, сынын жоғалтқан мереке 1988 жылдан бері қайта жаңғырып, Наурыз мейрамын тойлау дәстүрі өз жалғасын тапты.

Онымен бірге, бірлігі мен берекесі жарасқан, ырысы мен ынтымағы тасыған, Мәңгілік ел болуды мұрат еткен, көпұлтты халқымыздың айбыны арта түсуде. Біздің ұжым да жыл басы саналатын ұлық мерекені қашанда ыстық ықыласпен, шат-шадыман көңілкүймен атап өтеді. Иә! 70-жылдық тарихы бар, ұлағатты ұстаздардан білім нәрімен сусындаған «өрімдей жас» студенттердің білім ордасы, Астана қаласының Көлік және коммуникация колледжі- бұл біздің ұжым.


Биыл, яғни 2016 жылдың Нарыз мерекесін жоғарыда айтқандай көңілкүйімізге «Армысың, Әз Наурыз!»-деген айдар тағып тағы да той-думан,тамашамен қарсы алдық. Халықымыздың ұлан-асыр дархан көңілін,қонақжай мейірмандығын,ата-бабамыздың салт-дәстүр, әдет-ғұрыпын ұлықтайтын Ұлы мереке өзіне сай жәрмеңкеден басталды.Бұл жерде қонақтарымыздың назарына ұлттық тағамдар түрінен дайындалған дастархан мәзірі ұсынылды. «Ас- адамның арқауы»-дейтін жұртшылық жәрмеңкеге:Исі мұрын жаратын, ал дәмі тіл үйіретін қазы-карта,жал-жая,қымыз,қымыран,құрт,ірімшік,сарымай, қаймақ,кілегей,бауырсақ,буын бұрқыратып асқан ет, тағысын тағы басқа да бірнеше тағам түрлерін әкелді.

Мерекелік жәрмеңкені тамашалап болған соң қонақтар колледжіміздің спорт ойындары залына өтті.Дәл осы арада олар ұланғайыр жерін «ақ білектің күшімен,ақ найзаның ұшымен» қорғаған ел ұрпағының бүгінгі батырларының іс әрекеттерінің куәсі болды. Бұнда білекті жігіттер «қазақ күресінен»күш сынасса,ал олардың ізбасарлары жасөспірімдер ептілік пен қырағылықтың сыны «асық ату»ойынына құлшына кіріскен еді.Өн бойында қан қыздырып, қиқуға салдырып өзіне баурап алатын ұлттық спорттық ойындардың қызығынан қонақтарымыз, мерекелік әуен ырғағымен концерттік залымыздағы сахна шымылдығы ашылғанда да көпке дейін арыла алмай отырғаны бізге мақтаныш сезімін ұялатты. Ия!сонымен колледж ұжымы және қадірменді қонақтарымыздың құрметтіне арнап, «Жастар»- жастар ісі жөніндегі комитет белсенділері мен арнайы шақыртылған халықтық өнер орындаушыларының қойылымы мерекемізді жалғастырды. Қойылым барысында колледжіміздің басшысы Зулфухар Сұлтанұлы мерекенің қонақтары мен ұйымдастырушыларын Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтады.

Өз кезегінде қонақтарымыз:ардагерлер кеңесінің төрағасы,колледждің еңбек сіңірген ұстазы Титенков Леонид Петрович, азық өнімдерін стандарттау және технологиялау,экономика колледжінің директоры Ахметов Қайырғали Әкімбекұлы мерекелік құттықтауларын,жүрек жарды тілектерін білдірді.Осыдан кейін мерекеміздің ең қуанышты сәті марапаттау рәсімі өткізілді. Онда «Үздік безендіру»номинациясының Бас жүлдесі Айгүл Тұяққызы Далабаеваның «Электротяговое хозяйство, строительство и путевые машины»бөлімі мен Зейнеп Көпбайқызы Ақсейітованың «Организация перевозок, строительство железных дорог, учет и аудит и программное обеспечение» бөлімі иеленді.Ал «Үздік ұлттық костюм»номинациясын арнайы дисциплина «Строительство дорог и путевые машины»кафедрасының ұстазы Ардақ Бекайдарқызы Бекенова алды.Ал «Үздік дастархан» номинациясында Зейнеп Көпбайқызы Ақсейітованың «Организация перевозок, строительство железных дорог, учет и аудит и программноебеспечение» бөлімі ерекше аталынды.

Мақала барысында әңгімелеп жазып отырған іс-шаралар үстіміздегі жылдың наурыз айының 19 жұлдызында колледж қабырғасында өткізілсе,мерекеміздің «шырқау шегі» Астана қаласының әкімшілік ғимаратты алдындағы алаңдағы іс-шараларға қатысуында болды.Бұндағы мерекелік сауық-сайранға көшпенді халықтың тұрмыс-салттынан хабардар ететін 12 қанатты 8 ақшанқан киіз үйдің біреуін тігу бізге бұйырды. Халқымыздың кешегісі мен бүгінгісін сабақтастыра отырып ұйымдастырылған думанды ойын-сауық,көрме-жәрмеңкелер,сахналық қойылымдар,спорттық сайыстардың бел ортасында болған біздің көлік және коммуникция колледжі екі күнге созылған бұл мерекені, өзінің 71 жылға аяқ басқан тарих беттеріне жазып қалдырады.


Жылыстап жеткен Жаңа Жылымыз - төл мерекеміз 22 наурыз арда халықтың басына бақ құсын қондырсын!

Молшылық, бақыт, береке, бірлік, бейбіт өмір тілейміз!

А.Мурзабаева