Body: 

2016 жылғы 29 наурызда Көлік және коммуникация колледжінің психологиялық жұмыстарды жүргізу бөлімі "Асыл Бала" Республикалық Ассоциацияның қолдауымен «ВИЧ, СПИД және ИППП ауруларының алдын-алу», «Ерте жастағы жүктіліктің алдын-алу, контрацепция», «Дұрыс тамақтану» тақырыптарында семинар өткізді. Кездесу колледж студенттеріне арнайы өткізілді. «Айя» медицина орталығының дәрігерлері: дерматовенеролог Досанова Алмагүл Тельмановна және гинеколог –эндокринолог Харсеева Светлана Хабибуловна жыныс жолдарымен жұғатын аурулар, жеке бастың гигиенасы туралы ережелермен таныстырып, баяндап берді.

Дәрігер гастроэнтеролог-диетолог Сулейменова Айгүл Кенесовна газды сусындар мен фастфуд тағамдарының зияндары, дұрыс тамақтану туралы дәрістер оқыды.

Семинар бұқаралық -ақпараттық құралдар арқылы Қазақстан және 24 KZ телеарналарында көрсетілді. Колледж директоры З.С. Гаипов телеарналардағы жеке сұхбатында жасөспірімдер арасындағы жұқпалы аурулардың алдын-алу, ерте жастағы жүктілік пен жеке гигиенаны сақтаудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Әйелдер қауымының денсаулығы- бұл біздің ұлтымыздың болашағы. Жас ұрпақтың болашағы үшін осындай тақырыптағы іс-шараларды белсенді түрде жиі өткізіп, жастар арасында насихаттауымыз қажет.

Психолог Л.З. Баржукова