Body: 

2016 жылғы 8 сәуірде біздің колледждің "Есеп және аудит" мамандығының 2У-114 тобының студенттері Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайында болды.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы – бұл Қазақстанның қазіргі заманауи тарихының мұражайы. Ол 2004 жылғы 28 тамыздағы Президенттің Жарлығымен құрылды. Алғашқы келушілерді 2005 жылдың наурызында мемлекет Басшысының бұрынғы Резиденциясының ғимаратындағы Мұражайда қабылдады.

Оның экспозицияларындағы негізгі идеясы – Тұңғыш Президент Н.А. Назарбаевтың тәуелсіз демократиялық мемлекетті құрудағы оның тарихи рөлі және мемлекеттің егемендігінің қалыптасуы.

Мұражайдағы таныстырушы (гид) Тұңғыш Президент музейінің резиденциясының қабаттары бойынша ауқымды шолу экскурсиясын өткізді.

Екінші қабат - бұл қабаттың экспозициясы "Қазақстанның тәуелсіздікке жол тартуы" (1985-1991жж), республикамыздың егемендік пен тәуелсіздік алудағы күрделі кезеңдеріне арналған. Мұнда біздің еліміздің егемендікке жету кезеңдерімен таныстыратын тарихи құжаттар, мұрағат материалдары, материалдық және рухани мәдени бұйымдары қойылған.

Күмбезді зал "Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы" аталатын, үлкен күмбездің астында көгілдір түсті алтын қыран мен шаңырақ ұлтымыздың бірлігі мен біздің Республикамыздың қолөнерін бейнелейді.

Осы залда жаңа астана- Ақмола болып жарияланды. "Қауіпсіздік Кеңесі" атты қызықты залда Президентке сыйға тартылған қару-жарақтың түрлері көрсетілген.

"Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлықтары" атты экспозициясы мемлекет Басшысына іскерлік кездесулер мен келіссөздер, ресми сапарларда тарту етілген барлық кескіндемелер, мүсіндер, сәндік-қолданбалы өнер туындыларының сұлулығын ашады.

Біздің мемлекетімізде спорт та маңызды рөл атқарады, бұл туралы "Қазақстанның спорттық даңқы" атты экспозициясында әңгімелейді. Мұнда қазақстандық спортшылардың жеңістері, спорттық құрал- жабдықтары, олимпиада чемпиондарының атақ-даңқын бейнелейтін заттары қойылған.

Экскурсия соңында гидке қызықты экскурсия өткізілгені үшін алғыстарын айтты.

Мұражай экспонаттарымен танысқан студенттер өздерінің Қазақстанның ұлттық мәдениеті мен Астана қаласының тарихымен тереңірек біліп шықты.


Экскурсия жетекшісі Т.Н. Естемесов