Body: 

Бүгінгі таңда «Нұр Отан» партиясы – еліміздің негізгі қозғаушы күшіне айналған партия. Айта кетерлік жай партия қатарына қабылданушы жастар саны жыл сайын артып келеді.

Ағымдағы жылдың 12 сәуірінде колледжде «Көлік» бастауыш партия ұйымының төрағасы, Астана қалалық маслихатының депутаты, колледж директоры Зулфухар Сұлтанұлы Гаипов партия мүшелігіне өткен колледж қызметкерлеріне жаңа үлгідегі партия билеттерін табыстады.

Отырыс соңында Зулфухар Сұлтанұлы партия мүшелерін құттықтап, олардың жұмыстарына табыс тіледі.