Body: 

2016 жылғы 11 сәуiрде Астана қаласының Мемлекеттiк қызмет iстерi бойынша департаменттің бас маманы А. Р.Рахметулинмен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбында колледждің оқытушылар ұжымы және студенттердің қатысуымен дәрiс өткiзілді.

Осы іс-шараның мақсаты - Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының бұзылмауы, жастардың құқықтық сауаттылығының дамуы, халық арасындағы азаматтық ұстанымдарды және құқықтық сананы белсендi қалыптастыру. Әрiс- пiкiрсайысы қоғамның тiршiлiк әрекетiнiң әр түрлi салаларындағы сыбайлас жемқорлық фактiлерi туралы слайдтарды қарап шығудан басталды.

Бас маман қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың таралу деңгей туралы өз пiкiрiн айтты, еліміздің жоғары оқу орындары арасындағы, мемлекеттің жоғары лауазымды адамдарының сот процестерiндегі қарым-қатынасы ерекше iлтипатпен қадағалағануы және iс ақырына дейiн жеткiзу, заң бұзушылыққа сәйкес жауапкершiлiкке тарту үшiн жұртшылыққа оның маңыздылығын атап өтті.

Оқытушылар және студенттердің қарым-қатынасы барысында мемлекеттiк басқару жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетi бойынша елімізде қабылданған шаралар, сот және құқық қорғау жүйелерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қалыптастыру бойынша жұмыстары туралы ақпараттармен танысты.

Азаматтардың және жұртшылықтың сыбайлас жемқорлықтардың алдын-алуы, жүйелi түрдегі сыбайлас жемқорлықты анықтауға қатысудың рөлiне назар аудартты.

Бас маман дәрiсін қорытындылай келе, халықпен байланысудың маңыздылығын атап көрсеттi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменттерiнiң сайттарына назар аударуды, азаматтардың өзінің заңды құқығын білуге, жүйелi сыбайлас жемқорлық көрiнiстерi мен сыбайлас жемқорлық фактiлерi байқалғаны туралы хабарлау тиістігін атап өтті.

А.Шинтемирова