Body: 

2016 жылғы 05 маусымда Көлік және коммуникация колледжінде Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты Редкокашин Владимир Николаевичпен жер мәселесіне байланысты кездесу өтті. Кездесу барысында депутат Қазақстан Республикасының Жер кодексінде байланысты 2003 жыл 20 маусымдағы №442-II заң қабылданғандығын, оған 2016.08.04 өзгертулер мен толықтырулар енгізілгендігі туралы толық ақпарат берді. Соның ішінде жердің шетелдіктерге сатылмайтындығы, шетелдіктерге жалға беру мерзімінің 10 жылдан 25 жылға ұзартылғандығы және жер телімін сатып алу құқығы тек қазақстандықтарға ғана тиесілі екендігін баса айтты. Соңынан жер мәселесіне байланысты туындаған ең өзекті сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ, кездесуге қатысушыларды ең бастысы ел тыныштығын сақтауға, түрлі арандатушылардан абай болуға шақырды.

М.Ч.Карикулова