Body: 

31 мамыр «саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу күні» екені бәрімізге мәлім. Бұл күн, қазірде 25 деген «жігіт жасына» қадам басқан еліміздің егемендігі, жерінің тәуелсіздігі жолында өз өмірін құрбан еткен «Ұлылар» және «Алаш арыстары» ұлықталатын күн!

Осыған орай, колледж директоры, Астана қаласының қалалық маслихат депутаты Зулфухар Сұлтанұлы Гаипов және колледж белсенділері қаладағы «1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына тағзым» ескерткіші жанында өткен гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

Ал колледжімізге арнайы шақыртумен Астана қаласының №76 мектеп-лицейі жанынан ашылған «Заңғар» театр үйірмесінің өнерпаздары қонақ болып қайтты. Олар өз «қонақкәдесіне» жетекшілері - Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, актер, режиссер, «Nai Production» киностудиясының бас директоры Б.Р. Төкеновтың дайындауымен қойылған «Халықтың Әлиханы» атты шағын спектаклін тарту етті. Алаш қозғалысы және Алашорда үкіметінің тарихи деректеріне сүйене отырып, саханаланған қойылым көрермендерге көптеген тарихи мәлеметтер беріп, алғашқы Қазақ өкіметінің басшысы Әлихан Бөкейхановтың өмір жолынан сыр шертті. Кеш, көрермендер тарапынан орындарынан тік тұрып, ұзақ соғылған алақан шапалағымен көрсетілген риясыз ризалықпен аяқталды.

А.Мурзабаева