Body: 

Жыл сайын жаздың алғашқы күні біздің ел - Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесін атап өтеді. Балалық шақ - бұл өздерінің тілегін жүзеге асыру мүмкіндігі, жарқын болашаққа деген үміті.

Осы мерекеге орай, колледж студенттерімен "Балалық шақ әлемі" атты қабырға газетінен шығармашылық көрме ұйымдастырылды..

Аталған іс-шараның мақсаты - бұл қоршаған әлемге деген махаббат сезімі, жақындарының арасындағы қарым-қатынасқа ықпал ететін, колледж және отбасы, ата-аналар мен балалар, оқытушылар мен студенттердің арасындағы жақын қарым-қатынас орнатуға тәрбиелеу, сондай-ақ талантты және дарынды жасөспірімдерді анықтау және қолдау.

Көрмеге 15 топ қатысты: 2ПОВТ-214, 2ОПУД-114, 2У-114, 2РЭС-615, 2СД-214, 2РЭС-114, 1ЭН-115, 2ЭТХ-114, 2ЭТХ-214, 2ТЭТР-114, 1ПОВТ-115, 2ЭТХ-415, 2С-214, 1ОПУД-215, 2ЭТС-214. Олар гуашь, акварель, бормен және түрлі-түсті қарындаштармен орындаған қабырға газеттерін көрмеге ұсынды.

Барлық жұмыстар жеке-жеке әзірленген. Мұнда өздерінің кітаптан оқыған сүйікті кейіпкерлері және әлемге деген күтпеген көзқарастары, балалық шақтағы қиялдарына қанат бітіре отырып, әрбір жеке туындысын жан-тәнімен орындаған еңбектерінің жемісі көрініс тапқан.

Көрме қорытындысы бойынша қабырға газетінде ең шебер орындаған жұмысы бойынша 2РЭС-114 тобы, ал ең ерекше шығармашылық жұмыс бойынша 2У-114 тобының студенттерінің еңбектері танылған.

Студенттердің бейнелеу өнерін колледж оқытушылары мен қызметкерлері, сондай-ақ олардың құрдастары бағалады. Олар көрмеден жақсы көңіл-күй, жағымды әсерлер алды.


А.Мурзабаева