04 маусым 2016
3 маусым күні «Көлік және коммуникация колледжінде» Қазақстан Республикасының рәміздер күніне орай «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» атты салтанатты жиыны өтті. «Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздігіміздің айқын нышаны» деп сөз бастаған колледж директоры Зұлфухар Сұлтанұлы барша студенттер мен колледж қызметкерлерін мемлекеттік мерекемен құттықтады. Әр рәміздің өзіндік ерекшелігін айта келе, ұйым басшысы студенттерге алдағы емтихандарын үздік тапсырып, жазғы демалысқа көтеріңкі көңіл-күймен шығуларын тіледі.
Салтанатты жиын колледждің озат оқушыларын, белсенді жастарын жәнеде спорт саласында жетістікке жеткен студенттерін мараппаттау сәтімен жалғасын тапты.
Оқуда үздік, қатарының алды бола білген озат студенттер колледж директорының қолынан марапатқа ие болды. Халықаралық және қалалық конференциялардың жеңімпаздары да мадақтау қағаздарын алды.
Колледжішілік және қалалық шараларға жиі қатысатын жастар ісі комитетінің жалынды жастары да назардан тыс қалған жоқ. Сонымен бірге «Балалар-біздің болашағымыз» атты халықаралық энциклопедиясының «Дарынды бала» бөлімінің жүлдегері Бейсенов Рүстемде өзіне лайықты сый-сыйапатын алды.
Білім мен қатар спорттада жетістікке жеткен студентерімізде алғыс хаттармен марапатталды.
Атап өтетін болса, Астана қаласының кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдары арасында волейбол ойыны бойынша қыздар құрамасы 5 дүркін, қазақ күресі бойынша 5 дүркін, футбол ойыны бойынша 4 дүркін, қол күресінен 3 дүркін, тоғызқұмалақ және кір тасын көтеру сайыстары бойынша 2 дүркін Астана қаласының жеңімпаздары, яғни колледжіміздің студенттері марапатталды. Сонымен қатар 90 және оданда ауыр келі салмақта 1С-215 тобының студенті Сейтенов Жандос қазақ күресі және белбеу күресінен Қазақстан Республикасының чемпионы ретінде марапатталды. Қазақ күресі бойынша Қазақстан Республикасының жүлдегері, Астана қаласының бірнеше дүркін чемпионы, дзю-до сайысынан Астана қаласының 2 дүркін чемпионы 3ЭН-213 тобының студенті Қабжалел Ернарда директордың қолынан марапатқа ие болды.
Салтанатты жиынның соңы колледж студенттерінен құралған хордың орындауындағы «Жаса, Қазақстан» әнімен аяқталды.
А.Мурзабаева