1 қыркүйек 2016
Білім күні – есте қаларлық ерекше мерекелердің бірі. Себебі жаңа оқу жылы мектеп оқушыларының ғана емес, студенттердің де жаңа өмірге апарар жолдағы алғашқы есіктерін ашу күні.
2016 жылғы 1 қыркүйекте 1 курс студенттеріне арналған салтанатты жиын ұйымдастырылды. Кешегі мектеп оқушылары бұл іс-шараға бар ынтасымен назар салды. Мемлекеттік Әнұранның орындалуы, тудың шығарылуы, колледж Әнұранының шырқалуы – студенттрге ерекше көңіл-күй сыйлады.
Колледж директоры, саяси ғылымдарының докторы, Астана қалалық маслихатының депутаты Гаипов Зулфухар Сұлтанұлы бірінші курс студенттерін және олардың ата-аналарын, колледж ұжымын жылы шыраймен қарсы алды. Өз сөзінде Зулфухар Сұлтанұлы биылғы бірінші курс студенттерінің ерекше кезеңде - Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында оқуға түскендерін айтты.
Сонымен қатар құттықтау сөзімен ортаға шыққан, колледжіміздің түлегі, «Қазтеміртранс» АҚ «Қазақстандық теміржол, автокөлік, әуе және су көліктері қызметкерлерінің кәсіподақ кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Замир Сериков ортаға шығып, студенттерге оқуда табыс, шығармашылық жеңіс тіледі.
Салтанатты жиыннан кейін 1 курс студенттері оқу аудиторияларына өтіп, өздерінің топ жетекшілерімен және құрдастарымен танысты. Колледж әкімшілігімен бірлесе отырып, оқу топтарының жетекшілері «Мен өз елімнің патриотымын» тақырыбында акт дәрісін өткізді.
А. Мұратұлы