Body: 

2016 жылғы 15 қыркүйекте колледжде «Нұр Отан» партиясының «Көлік» бастауыш партия ұйымының төрағасы, Астана қалалық маслихатының депутаты, колледж директоры Зулфухар Сұлтанұлы Гаипов партия мүшелігіне өткен колледж оқытушылары мен қызметкерлеріне жаңа үлгідегі партия билеттерін табыстады.

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойына сәйкес келген бұл айтулы шарада ұжым басшысы партия құрамына қосылған жаңа мүшелерге жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар болашақ патриот ұрпақ тәрбиелеу үшін заманауи әдістер мен технологияларды енгізу арқылы білім саласын арттыруға өз үлестерін қосуға шақырды.

Отырыс соңында Зулфухар Сұлтанұлы партия мүшелерін құттықтап, олардың жұмыстарына табыс тіледі.

А.Мұратұлы