27 қыркүйек 2016
21 қыркүйекте колледждің мәжіліс залында топ жетекшілері әдістемелік бірлестігінің жоспарлық отырысы өтті. Жиналысқа бөлім меңгерушілері, топ жетекшілері мен құрылымдық бөлімшелер жетекшілері қатысты. Күн тәртібінде 4 сұрақ қарастырылды:
1. 2016-2017 оқу жылындағы колледждің оқу-тәрбие жұмысы жоспарының негізіне сәйкес топ жетекшілердің топ бойынша тәрбие жұмысын жоспарлауы
2. 2016-2017 оқу жылына әдістемелік бірлестігінің тақырыбын бекіту
3. Топ жетекшілеріне арналған әдістемелік әдебиеттер жайлы ақпарат
4. Білім беруді дамытудағы мемлекеттік бағдарламаны іске асыруда топ жетекшілерінің рөлі
Бірінші сұрақ бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының м.а. А.У.Мурзабаева топ жетекшілеріне 2016-2017 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жоспарына еңгізілген толықтырулар мен өзгертулер туралы айтып кетті.
Келесі сұрақтар бойынша топ жетекшілері әдістемелік бірлестігінің жетекшісі А.К.Муканова мемлекеттік білімді дамыту жоспарына сәйкес колледждегі салауатты өмір салтын қалыптастыру және «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының рухани – адамгершілік құндылықтарын дамыту бағытындағы өткізілетін іс-шаралар мен сынып сағаттарының санын арттыру керектігін атап өтті. Сонымен бірге ӘБ жетекшісі 2016-2017 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының тақырыбымен таныстырып, колледж кітапханасындағы топ жетекшілеріне арналған журналдар мен әдебиеттер жайлы айтты.
Отырыс барысында топ жетекшілері сұрақтар қойып, диалогқа белсенді түрде қатысты.
А.Муканова