Body: 

Қыркүйектің 19 мен 24 арасында біздің колледжімізде «Орыс және ағылшын тілдері» кафедрасының шығармашылық апталығы сәтті өтті.

Апталық « Ел бірлігі – тіл бірлігінде» деген ұранмен өтілді.

Апталық барысында мынадай қызықты іс-шаралар өткізілді: шығармашылық сайыстар, виртуалды экскурсиялар, әдеби кафе, ашық сабақтар.

Әрине, апталық студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, дербестіктерін қалыптастыру, тілдерге деген қызығушылықтарын арттыру, ой-өрістерін кеңейту, ынталандыру, сөзбен әдебиетке деген сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу мақсатында өткізілді.

Аптаның әр күнінде қызықты іс-шараларды тек пән мұғалімдері ғана жүргізіп қоймай, студенттерде жүргізді.


Апталық ағылшын пәнінің мұғалімі З.М.Жарлгапованың 1ТЭТР-216 тобында «Қазақстанның саяси жүйесі» тақырыбында өткен ашық сабағымен басталды.

20 қыркүйек күні «Білгірлер және ақылдылар» интеллектуалдық ойынды ағылшын пәнінің мұғалімдері Калиакпарова А.А., Рахимбаева К.А. 2РЭС-415 және 2ОЭО-115 топтары студенттері арасында өткізді.


21 қыркүйек күні ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Ш.Е.Байболова мен Б.Б.Сергазинова «Ағылшын тілінде сөйлейтін елдерді білесіңдер ме?» атты сыныптан тыс іс шараны 2ОЭО-115, 2Д-115 топтарымен өткізді.


Жас маман Б.Ж.Бекмырза, орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі 2ТЭТР-215 тобында «Л.Н.Толстойдың өмірі және шығармашылығы» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

23 қыркүйек орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімдері В.Д.Хайрулина, С.З.Мерекенова 2РЭС-415 тобында «Екі есім. Екі тағдыр» атты әдеби кафе өткізді.

Студенттер әсемдік сезімін, мәнерлеп оқу дағдыларын және сахналық шеберліктерін көрсете білді.


Тілдер апталығы өте жоғары деңгейде өтті дей отырып, ол студенттердің әдебиетке, қазақ ,орыс ағылшын тілдеріне, тарих пен қоғамтануға деген қызығушылықтарын арттырып, білімдерін кеңейтуге және тереңдетуге арналған қосымша құрал деп үміттенеміз.

М.Т.Тлеубаева