1 Қазан 2016
2016 жылдың 27 қыркүйекте колледжде Астана қаласының Тұтынушылар лигасының мамандары колледж студенттерімен кездесу ұйымдастырды. Кездесудің мақсаты – жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар кешенін өткізу. Іс-шара «Сенің жоқ дегенің маңызды! Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» деген ұранмен өтті.
Кездесуде студенттерден «Сыбайлас жемқорлық туралы не білеміз?» деген тақырыпта сауалнама алынды.
Бұл іс-шарадан студенттер қазіргі кезде қоғамда кездесетін жемқорлықтың алдын-алу себептерін біліп, онымен күресу үшін не істеу керектігі туралы толық ақпарат алды.
Г.Нұрқабыл