Body: 

2016 жылғы 28 қыркүйекте «Дене шынықтыру және АӘД» кафедрасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған 1-ші курс студенттері арасында «Кроссфиттен» спорттық іс-шара өткізді. Бұл брендтық жүйе студенттердің дене дайындығын, шымырлықтарын және ептіліктерін қалыптастырады. Студенттер берілген тапсырмаларды үлкен қызығушылықпен және құмарлықпен орындады. Жанкүйер-студенттердің айқайлары мен ду қол шапалақтары қатысушыларға қосымша қолдау берді.


Нәтижесінде бұл спорт түрінің үздіктері анықталды: III орынды – 1 ТЭТР-116 тобының студенті Юльмухаметов Р. иеленсе, II орынды – 1 ЭТС-116 тобының студенті Агибаев А. иеленді, I орынды – 1Д- 116 тобының студенті Баймуратов А. иеленді.

Жеңімпаздар дипломдармен және мадақтамалармен марапатталды.

М. Жусупов