Body: 

2016 жылдың 28 қыркүйегінде колледждің жиын залында 4СД-213, 4СД-113, 4ПМ-213, 4ПМ-214 топтары студенттерінің технологиялық тәжірибе қорытындысы бойынша конференция өтті. Конференцияға колледж директорының оқу-өндірістік жұмыстар бойынша орынбасары Жүнүспеков Өміргүл Хамзаұлы және әлеуметтік серіктес мекемелердің өкілдері: «Қазақстан Темір жолы» ҰК» АҚ филиалы Қырқыншы машиналандырылған жол дистанциясының бас инженері - Бекенов Бахтияр Мұратұлы, «ҚазЖолҒЗИ» АҚ филиалының зертхана басшысы - Абдығалиева Мейрамгүл Кенжеғалиқызы қатысты.

Өз сөзінде Ө.Х.Жүнүспеков келешек оқу бітірушілерді ең басты оқу кезеңін – өндірістік – технологиялық тәжірибені сәтті аяқтауларымен құттықтады, кәсіби дайындық деңгейін бағалау және біліктілікті тағайындау бойынша теориялық және тәжірибелік емтихандарын, мемлекеттік емтихандарды және дипломдық жобаны жақсы тапсырып, табысты аяқтауларына өз тілегін білдірді.

«ҚазЖолҒЗИ» АҚ филиалының зертхана басшысы біздің колледж студенттерінің теориялық және практикалық тұрғыдан жақсы дайындықтарын, жұмысқа деген салмақты және жауапкершілік қарым қатынастарын атап өтті.

«Қазақстан Темір жолы» ҰК» АҚ филиалы Қырқыншы машиналандырылған жол дистанциясының бас инженері - Бекенов Бахтияр Мұратұлы теміржол мамандығының ерекшеліктерін айта келе, студенттерге болашақта үлкен табыстарға жетуіне өз тілегін білдірді.

Төртінші курс студенттері автомобиль және теміржол саласындағы әртүрлі мекемелердегі өткен тәжірибедегі жинақтаған ойларымен бөлісті. Төменгі топтың студенттеріне өндірістегі кездесетін қиыншылықтар, құжат тарды рәсімдеу туралы айтып берді. Жұмысты ұйымдастыру және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша сұрақтарға көп көңіл аударды.


Төменгі курс студенттерін тәжірибеге орналасу, келісім шарт жасасу, мекеме басшылары мен қызметкерлерінің тәжірибе өтуші студенттерге қарым қатынасы бойынша сұрақтар қызықтырып, соған қатысты тиісті жауаптарын алды.


Барлық студенттер өндіріс тарапынан тағайындалған жетекшілерден жақсы лебіздер мен кепілдемелерді алып келді. Өндірістік тәжірибенің қорытындысы бойынша аталған мамандықтар студенттердің білімінің деңгейі өте жоғары: үлгерім- 100%, білім сапасы –100%, орташа балл- 4,4.

Конференция кәсіби – іскерлік деңгейде өтті. Конференцияға қатысушылар әлеуметтік серіктестерге конференция жұмысына белсенді қатысқандары үшін алғыстарын білдірді.

А.К.Каримова