Body: 

2016 жылғы 4 қазанда Астана қаласы әкімдігінің Діни проблемаларын зерттеу орталығының қызметкерлері колледж студенттерімен «Жалған діни ағымдардың арбауынан сақтану» деген тақырыпта кездесу ұйымдастырды. Кездесуге Әс-Сәләм мешітінің бас имамы Нұрбол Әбсаттарұлы қатысты. Іс-шараның мақсаты –жалған діни ағымдардың басты белгілері мен сақтану жолдары жайында студенттер арасында дәріс беру.

Іс шара барысында студенттерге деструктивті жалған діни ұйымдар және олардың басты белгілері, ұйымға мүше болған адамдардың әрекеті, қоғамға тигізетін кері әсері туралы толық мәлімет берілді.


Бұл кездесуден студенттер қазіргі кезде қоғамда кездесетін дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтану жолдары туралы толық ақпарат алды.

Г.Нұрқабыл