Body: 

2016 жылғы 4 қазанда «Нұр Отан» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы өкілдері және қалалық прокуратура қызметкерлері колледж студенттері арасында түсіндірме жұмыстарын ұйымдастырды.

Іс-шара «Сыбайлас жемқорлықтың оқу орындарында кездесетін факторлары және оның алдын алу шаралары» тақырыбында өтті. Құқық қорғау органдарының мамандары жемқорлықтың пайда болу жолдары, оны болдырмаудың әрекеттері, сыбайлас жемқорлықтан халыққа тиер зияны және оған қарсы күресу шаралары туралы айтты. Отырыс барысында прокуратура қызметкерлері студент жастардың құқықтық білімін арттыру мақсатында осы саладағы атқарылып жатқан іс – шаралар туралы сөз қозғады.

А.Мұратұлы